Добро пожаловать
Вход / Создать Плейлист

Сайлауға қатысты әзілдер мен астарлы видеолар желіні шулатты

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

URL

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

Sorry, only registred users can create playlists.
URL


Добавлено by В Приколы с Ватсап
30 Просмотры

Описание

Сайлауға қатысты әзілдер мен астарлы видеоларға бүгін желі қолданушылары қарық болды. Қызу талқыға түскен партиялар ішінде «Нұр Отан» мен «Адал» «көш бастап» тұр.
Иә! Қазақтың әзілінде шек жоқ қой шіркін! Мына бір видеода "Нұр Отан" мен "Адал" партиясын күресіп жатқандай етіп қойыпты. Бұл тартысқа толы бейнероликтің авторының фантазиясы адалдықтарды қолдаса, мына бір картина мүлде басқаша сөйлейді. Автор адалды "қадал" деп өзгертіпті.
Осыған ұқсас видео-фото форматындағы түрлі әзілдермен ел-жұрт жарыса бөлісіп жатты. Жайдарманшы ретінде танылған жас сценарист Нұрсұлтан Жақсыгеннің де бұл сайлауға қатысты видеосы да кең таралып кетті.
Ал белгілі актер, Өнер қырандары театрының директоры Мадияр Серікбаев Адал партиясының сайлауда жинаған 3 пайызын былайша байланыстырып көріпті.
Осылайша әлеуметтік желідегі әзілдер бірінен соң бірі қалқып шыға келді. Небәрі бір сағатта 11 мың қаралым жинаған "Тик-токтағы мына бір вайн қай батырманы бассаң да Нұр Отанға дауыс беретіндей етіп көрсетіпті. Ал қоғамның саяси жағдайларға әзілмен пікір білдіруін сатирик мамандар қалыпты жағдай деп отыр. Өйткені әр әзілдің астарында бір шындық бар деп қорытты олар.
Әлібек Шынтемір









Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#информбюро #басты_жаңалықтар

Написать комментарий

Комментарии

Комментариев нет. Будьте первым кто оставит комментарий.
RSS
Яндекс.Метрика